Наверх

Погода в Астане:03 июня, ночь: +10° 3 м/с03 июня, утро: +14° 3 м/с03 июня, день: +17° 3 м/с03 июня, вечер: +15° 3 м/с

Қазақстанның Ұлы Жібек Жолы бойынша саяхат

4266
Фото: министрліктің сайтынан

Қазақстандағы Қытайдың туризм жылы аяқталуына қарсы Алматыда «Қазақстанның Ұлы Жібек Жолы бойынша саяхат» халықаралық фестивалі өз жұмысын бастады. Фестивальға ресми өкілдер, сондай-ақ екі елдің туристік бизнес өкілдері қатысуда. ҚХР ресми делегациясын Бас Туризм басқармасының министр орынбасары  До Дзян бастап келді, деп хабарлады ҚР мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.  

Фестиваль аясында барлық қатысушылар Алматы қаласының туристік нысандарын аралап, халық қолөнер шеберлерінің шеберлік сыныптарына қатысып, ҚХР туристік операторларымен В2В кездесулерін өткізді.

2017 жылдың 11 қарашасында Алматы Халықаралық Фестиваль эстафетасын Тараз қаласына берген болса, Таразда 11-14 қарашада екі елдің ресми өкілдерінің қатысуымен  форум өтуде. 

15 қараша күні «Қазақстанның Ұлы Жібек Жолы бойынша саяхат» халықаралық фестиваль қонақтары мен қатысушыларын Шымкент қаласы қарсы алады.

Қазақстандағы Қытайдың туризм жылының салтанатты жабылу рәсімі 2017 жылдың 17 қараша күні Астанадағы «Бейбітшілік және Келісім» сарайында өтеді.

Іс-шараға екі елдің мыңнан аса ресми өкілдері мен бизнес өкілдері қатысады.  Жабылу салтанатында Қытай тарапы қытайлық классикалық өнердің үлгісі «Жібек жолы гүлмен көмкерілген» балетін ұсынады. Қойылым қытайлық, парсылық, үнділік және түрік стильдері қосылған Ганьсу провинциясындағы ескерткіштерде бейнеленген тарихи сәттерге негізделген. 

Оценить материал
0