Наверх

Погода в Астане:03 июня, ночь: +10° 3 м/с03 июня, утро: +14° 3 м/с03 июня, день: +17° 3 м/с03 июня, вечер: +15° 3 м/с

Алматыда «Нұрсұлтан Назарбаев: Дәуір, Тұлға, Қоғам» атты көрме ашылды

1122
Фото: Алматы әкімінің сайтынан.

ҚР Тұңғыш Президентінің күні және Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматыда «Нұрсұлтан Назарбаев: Дәуір, Тұлға, Қоғам» атты көшпелі көрме ашылды. Бұл туралы Алматы әкімінің сайтында жарияланды.

«Алматыда Тұңғыш Президент күні қарсаңында аса маңызды мұндай шараны өткізу қала тұрғындары үшін үлкен құрмет. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы, оның орасан жетістіктері Нұрсұлтан Әбішұлының атымен тығыз байланысты.

Елбасының тұрақты қолдауы арқасында Алматы ел экономикасының бестен бір бөлігін беретін Орта Азиядағы ірі мегаполис ретінде даму үстінде. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұлға ретінде құбылысы, яғни феномені зор тарихи шешімдерді қабылдауынан көрінеді, олар: Тәуелсіздікті жариялау, Конституцияны қабылдау, астананы көшіру және көптеген басқалары», - деп атап өтті Алматы әкімі Бауыржан Байбек.

Орталық мемлекеттік мұражайда Мемлекет басшысының жеке архивінің, жеке кітапханасының және музейінің материалдары мен түрлі жәдігерлері қойылған. Көрме барысында экскурсиялар,конференциялар, шеберлік сыныптары, семинарлар мен концерттер өтеді.

Көрме 4 бөлімнен тұрады: «Көшбасшы жолы» бөлімі ҚР Президентінің өмірбаянын,«Көшбасшы феномені» бөлімі мемлекеттің құрылыстың қалыптасу және даму концепциясын, «Президент наградалары – халық құрметі» бөлімі жоғары мемлекеттік наградаларды, «Әлем таныған көшбасшы» - ҚР сыртқы саясатын қамтиды.

Көрме 2018 жылдың 14 қаңтарына дейін жалғасады.

Оценить материал
0