Эрмитаж күндері өтеді

Қазақстан Ұлттық музейінде 10-12 қарашада Мемлекеттік Эрмитаж күндері өтеді. Бұл туралы ОКҚ сайтында жарияланды.
Бағдарлама бойынша, шараға қатысушылар мен музейге келушілердің назарына ең заманауи жаңалық – виртуалды шынайылық аймағы «Эрмитаж VR. Уақыт пен кеңістікке виртуалды сүңгу» виртуалды шынайылық кинотеатры және Эрмитаждың Юпитер залының виртуалды моделі ұсынылады.
Сағат 10.00-де БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
Оған Мемлекеттік Эрмитаждың Бас директорының орынбасары, бас қор сақтаушы Светлана Адаксина, «Арсенал» бөліміндегі қару-жарақтар секторының меңгерушісі Юрий Ефимов, Реставрация және консервация бөлімінің меңгерушісі Татьяна Баранова, Ғылыми реставрация және консервация бөлімі, Асыл металдарды реставрациялау зертханасының меңгерушісі Игорь Малкиель және т.б. мамандар қатысады.
Сағат 11.00-де «Эрмитаж күнінің» ашылу салтанаты болады.
Шараға қатысушылардың назарына тас ғасырынан бастап, бүгінге дейінгі аралықты қамтыған үш миллионға жуық өнер туындылары мен әлемдік мәдениет ескерткіштері бар әлемдегі ең ірі мәдени-тарихи музей саналатын Санкт-Петербургтегі Мемлекеттік Эрмитаждан келген қонақтардың лекциялары мен баяндамалары ұсынылады.