«Кармен» операсының алдағы премьерасы астананы бір дүрліктірді

Ж. Бизенің «Кармен» операсының тұсаукесеріне дейін санаулы күндер қалды, бірақ кассадағы билеттер баяғыда-ақ сатылып кеткен. Көрермендердің көпшілік сұрауы бойынша «Астана Опера» билеттер сатылымының қосымша күнін ашты. Осылайша, сүйікті көрерменін 17, 18 және 19 (!) қарашада күтетін болады. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлады.
- «Кармен» - әлемдегі атақты опералардың бірі. Қала тұрғындары мен қонақтарының осы бір жарқын әрі тебіреніске толы спектакльге шынайы қызығушылық танытуы ғажап емес. Әдетте, репертуарға 2 тұсаукесер күні қойылады, бірақ біз дәстүрді бұзып, тағы бір билет сатылымы күнін қостық, - дейді театр әкімшілігі.
Бұндай танымалдылықтың себебі не екенін түсіну қиын емес. Опера керемет әуендерге толы! Бірақ «Бизе операсының тарихи мәні оның ауыспайтын көркемдік құндылығы ғана емес, сонымен қатар бұл шығармада алғаш рет опералық театр сахнасында осындай асқан шеберлікпен әдеп құқықтары мен адамгершілікті ту еткен қарапайым жандардың тағдыры бейнеленген.
«Астана Опера» театрындағы қойылым үшін қоюшы-дирижер – халықаралық байқаулардың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Операның» бас дирижері Алан Бөрібаев, қоюшы-режиссер – Лоренцо Амато еңбектенуде.
Қоюшы-сценографы – қазіргі заманның атақты сценографы Эцио Фриджерио, костюмдер бойынша суретші – «Оскар» сыйлығының иегері Франка Скуарчапино, костюмдер бойынша суретшінің ассистенттері – Даниэль Бутард, Хелен Критикос, Арасель Досмұратова, жарық бойынша суретші – Якопо Понтани, проекциялар бойынша суретші – Серджио Металли. Хормейстері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов. Биді қоюшы – Елена Шерстнева.