Наверх

Погода в Астане:10 августа, вечер: +21° 3 м/с11 августа, ночь: +19° 4 м/с11 августа, утро: +21° 3 м/с11 августа, день: +25° 4 м/с

АҚПАРАТТАНДЫРЫЛЫУЫ БОЙЫНША КӨРСЕТКІШ

2915
Фото: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша өткізілген шаралардың ақпараттандырылуы бойынша пайыздық көрсеткіш.

Қызылорда қаласы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жасалып жатқан жұмыстардың нәтижесіннде барлық көрсеткіштер бойынша алдыңғы орында келеді. Шараларды ұйымдастырып қана қоймай жоғарғы деңгейде ақпараттандыру жұмыстарды жүргізіп келеді. Бүгінгі күнге  дейін БАҚ беттерінде 600-ден аса ақпарат жарияланып, әлеуметтік желілер мен интернет ресурстар арқылы кең ауқымды ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізілуде.

Сырдария ауданы шараларды ақпараттандыруы жоғарғы деңгейде деп айтуға болады. Пайыздық көрсеткішке шаққанда 11,1 пайызды құрап, шараларды ақпараттандыру бойынша қаладан кейінгі екінші орынға шығып отыр.

Қазалы ауданы шараларды ақпараттандыру бойынша үшінші орында келеді. Пайыздық көрсеткіші 11 пайызды құрап отыр. Атап айтқанда «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында 150, «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша 275 және «Атамекенің» шаралары негізінде 65 ақпарат жарияланған.

Жалағаш ауданы бойынша:

Аудан бағдарламаны жүзеге асыру мақсатындағы шараларды ақпараттандыру бойынша қала мен аудандар арасында төртінші орында.  Пайыздық көрсеткіші 10,5 пайызды құрап отыр.

Қармақшы ауданы бойынша:

Ауданда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген шаралар пайыздық көрсеткішке шаққанда 10,3 пайызды құрап отыр. Бұл өзге аудандармен салыстырғанда ақпараттандыру жұмысының орта деңгейде жүргізіліп жатқандығын көрсетеді.

Шиелі ауданы бойынша:

Ауданда бағдарлама аясында атқарылған шараларды ақпараттандыру орта деңгейде, яғни 10,5 пайызды құрады.

Оценить материал
0