Наверх

Погода в Астане: 12 декабря, день: -3° 4 м/с12 декабря, вечер: -5° 3 м/с13 декабря, ночь: -8° 6 м/с13 декабря, утро: -9° 4 м/с

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҚАМТЫЛУЫ БОЙЫНША КӨРСЕТКІШ

2237
Фото: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша өткізілген шараларға тұрғындардың қамтылуы туралы пайыздық көрсеткіш.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған жобалар мен өткізілген шараларға тұрғындардың қамтылуы бойынша Қызылорда қаласы жоғарғы көрсеткіш көрсетіп келеді. Жыл басынан бері қала көлемінде өткізілген 440 іс-шараға 90 000-нан астам тұрғын қамтылған. Бұл көрсеткіш пайыздық көрсеткішке шаққанда 27,3 пайызды құрайды.

Шиелі ауданында бағдарлама аясында іс-шаралар жоғарғы деңгейде ұйымдастырылып, өткізілуде. Барлық іс-шараларға аудандағы азаматтық қоғам институт өкілдері, жастар ұйымдары белсенді қатысып, тұрғындардың барлық санаты қамтылып келеді. Шиелі ауданы тұрғындарды қамту жағынан Қызылорда қаласынан кейінгі екінші орынға шығып отыр. Пайыздық көрсеткішке шаққанда 13,9 пайыз.  

Жаңақорған ауданы жобаларды жүзеге асырып, шараларды ұйымдастырумен шектелмей, оған тұрғындарды белсенді тартып келеді. Бағдарлама аясында өткізілген іс-шараларға тұрғындардың қамтылуы 11,7 пайызды құрап отыр. Жаңақорған ауданы ұйымдастырылған шараларға тұрғындарды қамту шағынан Шиелі ауданынан кейінгі 3-орынға тұрақтап отыр.

Қармақшы ауданында жыл басынан бері бағдарлама аясында 396 іс-шара ұйымдастырылып, оған барлығы 55 800 адам тартылған. Бұл бағытта жүйелі жұмыс жасап келе жатқан ауданның көрсеткіші пайызға шаққанда 11,3 пайызды құрап отыр.  

Қазалы ауданында жыл басынан бері бағдарлама аясында түрлі форматтағы 336 іс-шара ұйымдастырылған. Барлық ауылдық округтер мен шалғай жатқан ауылдарды қамтыған
іс-шараларға барлығы 37 111 адам тартылған. Бұл пайыздық көрсеткішке шаққанда
9,9  пайызды құрап отыр.  

Арал ауданында бағдарлама аясында 123 іс-шара ұйымдастырылып, оған 25 726 адам қамтылған. Тұрғындардың қамтылуын пайыздық көрсеткішке шаққанда 9,6 пайызды құрап отыр.

Оценить материал
0
Архив материалов