Наверх

Погода в Астане: 12 декабря, день: -3° 4 м/с12 декабря, вечер: -5° 3 м/с13 декабря, ночь: -8° 6 м/с13 декабря, утро: -9° 4 м/с

ШАРАЛАР БОЙЫНША КӨРСЕТКІШ

2310
Фото: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша аймақта ұйымдастырылған шаралар бойынша пайыздық көрсеткіш.

Бәсекеге қабілетті, жігерлі, жауапты, шығармашылық тұлға қалыптастырып, білім беру мен оқытудың ұлттық жүйесін дамыту, рухани құндылықтарымызды қайта жаңғырту, бұл мақсаттағы жұмыстарға меценаттарды тарту бағытындағы шаралар Қызылорда қаласында жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді.

Жыл басынан бері қала мектептері мен мәдениет ұйымдарында, денсаулық сақтау мекемелері мен спорт мектептерінде 400-ден астам ірі көлемді шаралар ұйымдастырылды (25,3% көрсеткіш). Мәдени, рухани құндылықтарымызды жаңғыртып, асыл мұраларымызды сақтау мақсатында облыстық тарихи-өлкетану музейінде "Қасиетті Қазақстан және Археология" залы ашылып, республика бойынша алғаш рет Қызылорда облысында «Музей мамандары мен өлкетанушылардың» облыстық форумы өтті. Мұнан бөлек, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеп, ұлттық бірегейлікті сақтау мақсатында «Уақыт. Тұлға және бүгінгі бәсекелестік» атты тарихи-танымдық шара, «Табысқа жеткен тұлғалар» атты суреттер көрмесі, «Қазақстанның 100 жаңа есімі - жетістіктер тарихы» студент жастардың TED форматындағы ғылыми-ақпараттық жұмыстарының презентациясы өткізілді.

Сырдария ауданы Республикалық жобалар аясындағы шараларды жоғары деңгейде ұйымдастырып келеді. Ауданда бұл бағытта өткізілген шаралардың бірі «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, ғалым, селекционер А.Подольскихпен тест-драйв форматында шеберлік сағаттары.

Шиелі ауданында туған жерді көркейтіп, бұл бағыттағы жұмыстарға жергілікті демеуші азаматтарды тарту бағытында ірі көлемді шаралар ұйымдастырылып, өткізілуде. «Туған жерге тағзым» жобасы аясында үнемі демеушілік жұмыстармен айналысып, аудан мен ауылдардың дамуына үлес қосып отырған меценаттармен кездесулер ұйымдастырылып, марапаттау рәсімдері өтті.

Қармақшы ауданында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы филиалының ұйымдастыруымен алғаш рет цифрландыру технологиясымен Қазақстан тарихы пәнінен облыстық олимпиада өтті. Қармақшы ауданы оқу білім саласын жетілдіру бағытында бастамашыл, жүйелі жұмыстарды жүргізіп келеді.

Қазалы ауданы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» республикалық жобасының қатысушысы, ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері Марина Вольновамен кездесуді республикалық деңгейде өткізді. Қазалы ауданы республикалық жобалар аясындағы шараларды ұйымдастырып, өткізуде белсенділігі жоғары. Барлық ұйымдастырылған шараларға жергілікті тұрғындармен қатар, жастар ұйымдарын, оқытушы ұстаздар мен тарихшыларды көптеп тартып келеді.

Оценить материал
0
Архив материалов