Наверх

Погода в Астане:04 декабря, вечер: -14° 2 м/с05 декабря, ночь: -15° 3 м/с05 декабря, утро: -18° 3 м/с05 декабря, день: -13° 2 м/с

Бурабай өңірі-тарихи ескерткіштер өлкесі

1887
Фото:

Дәл осындай атаумен курортты өлкеде орын тепкен Ақылбай ауылында  Ақмола облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының мамандары ғылыми-практикалық конференция өткізді. Жаһандану дәуірінде ұлттың мәдени «кодын» сақтау, яғни өткеніміз бен болашақты, шығу тегімізді білу бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып тұр. Аймақтағы қасиетті нысандарды оқушыларға дәріптеу, насихаттау мақсатында өткен бұл шараның мән-мағынасы зор. Ал Ақылбай ауылының Ақылбай асуында орналасуы да бұл шараны осында өткізудің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. «Оқжетпес» пен «Щучье» шипажайларының аралығындағы «Ақылбай асуы»- көпті көрген көне жолдардың бірі. Бетпақдала, Сарыарқаны кесіп өтетін керуеншілер осы асуға келгендерінде Ақылбай батыр асырып салады екен, сонда олар адаспайтын, ұры-қарының тонауына ұшырамайтын болыпты деген аңыз сақталған.

ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ  БАС МАМАНЫ СЕРІК ЫСҚАҚОВ: “Ақмола мәдениет басқармасы Ақылбай орта мектібімен бірлесіп осындай ауқымды іс-шара өткізудеміз. Конференциясының мақсаты өскелең ұрпақтың бойына патриоттық сезім қалыптастыру.Жалпы Ақмола облысы бойынша киелі жерлер картасына  43 ескерткіш енген. Сондықтан да оқушыларға осы қасиетті жерледі дәріптеп, осы бастан бойларына сіңірген дұрыс”-дейді.

Бурабайдың етегінен қоныс тепкен Ақылбай ауылы да тарихи мекен. Ақ балтырлы қайыңы мен бойын бұлтқа білеген қарағайлары бар тылсым табиғат. Сәулеті жарасқан тарихи ескерткіштер боз даланың ажарын аша түскендей. Осы өңірде “Абылайхан алаңы”, “Кенесарының үнгірі”, “Абылайханның қызыл ағашы” сынды бітқарат киелі орындар да бар.

АҚЫЛБАЙ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ ҚАНАТ ҚҰДАБАЕВ: “Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Бурабай өңірі- тарихи ескерткіштер өлкесі» атты ғылыми практикалық конференция өткізіп жатырмыз. Бұл біздің оқушыларымызға жақсы пайдасын тигізеді деп ойлаймын. Себебі біздің өңірдегі қасиетті, киелі жерлердің тарихын естіп, өздеріне рухани азық алып қайтары сөзсіз"-дейді.

Конференция еркін форматта өтті. Яғни баяндама жасаушыларларға қатысушылар өз сұрақтарын қойып, пікір алмасты.   Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақылбай орта мектебі де біршама жұмыстар атқаруда. Осы игілікті шара барысында өз көрмелерін жасап, ұстаздары жеткен жетістіктерімен таныстырды.

 

 

Оценить материал
0