Наверх

Погода в Астане: 02 февраля, день: -11° 3 м/с02 февраля, вечер: -21° 3 м/с03 февраля, ночь: -23° 3 м/с03 февраля, утро: -24° 3 м/с

Бұқаралық спортқа көңіл бөлінбек

3657
Фото: obk.kz

Елбасы халыққа арнаған Жолдауында өңірлік деңгейдегі резервтерді тауып, бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыру қажет деді. Осылайша үкіметке және әкімдерге  кем  дегенде  100  дене  шынықтыру-сауықтыру  кешенін салуды тапсырды.  Көкшетаулық спортшылардың айтуларынша, бұл спорттың дамуына үлкен серпін береді.  

  «Айтулы Жолдауда спорттың дамуына қатысты жақсы ойлар айтылды. Енді спорт жасөспірім шақтан бастап жастарға да, үлкендерге де  қолжетімді болмақ. Өйткені мен өзім бала кезімде ауладан шықпай-ақ үй маңындағы балалар алаңқайларында спортпен айналысуға мүмкіндік қарастырылған болатын. Бұл біздің қазіргі күні спорт саласында үлкен жетістіктерге жетуімізге себепші болды. Сондықтан, менің ойымша, Елбасы айтқандай, спорт алаңдарын көбейту арқылы Қазақстанның спорт саласын дамытамыз»,-дейді қазақша күрестен ел чемпионы Леонид Станеев.  

   Елбасы сондай-ақ, қолданыстағы, әсіресе мектептердегі спорт ғимараттарын тиімді пайдаланып, дене шынықтырумен айналысу үшін аулаларды, парктерді, саябақтарды жабдықтау қажет деген болатын. Спортшы Леонид Станеев: «Егер әр аулада спорт алаңдары болса, жақсы болушы еді. Өйткені бәрі бірдей спорт залдарына келе бермейді. Сондықтан, балалар өз ауласында-ақ секіріп, жүгіріп, спорттпен шұғылдана алар еді.   Сондай-ақ Көкшетауда оқушылар мен студенттерге 50 пайыз жеңілдік жасалатын бассейн бар. Бұл да жақсы», – дейді.  

  Жалпы облыста екі мыңға жуық спорт мекемесі бар. Оның жартысына жуығы ауылды мекендерде орналасқан. Алдағы уақытта олардың саны тағы ұлғайтылмақ. Елбасының жүктеген тапсырмасы да осы – спортпен шұғылдану үшін бар жағдай қарастырылуы керек.

Оценить материал
0