Наверх

Погода в Астане: 28 июля, день: +22° 6 м/с28 июля, вечер: +17° 4 м/с29 июля, ночь: +12° 3 м/с29 июля, утро: +15° 3 м/с

Ақмола облысында «Жабай-2018» ашық су экспедициясы өтті

932
Фото: Алисултан Омаров.

Сандықтау мен Атбасар аудандарының аралығында Астана қаласының 20-жылдығына орай облыстық «Жабай-2018» ашық су экспедициясы өтті, деп хабарлайды Ішкі саясат басқармасы.

Эспедицияны Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетануы және экологиясы орталығы ұйымдастырған. Сондай-ақ, 100 шақырымға дейінгі қашықтықты қамтыған.

Аталған шараның мақсаты – жаппай су туризмін әйгілеу және одан әрі дамыту, қатысушылардың спорттық, техникалық және тактикалық шеберліктерін арттыру, туристтік көпсайыс бойынша облыстағы ең үздік командаларды анықтау.

Су экспедициясына Ақмола облысынан 25 адам қатысты. Қатысушылардың дені Көкшетау, Астана қалаларынансонымен қатар, Ақкөл, Зеренді, Сандықтау, Атбасар аудандарынан келген. Ашылу салтанатында жарыстың бас төрешісі Е.Ефремов қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі. 

Жабай өзені бойындағы қозғалыс кезінде төтенше жағдайлар қызметкерлері қауіпсіздікті қадағаладыЭкспедиция соңында барлық қатысушыларға анықтамалар мен дипломдар табыс етілген.

Алисултан Омаров.

Оценить материал
0