Наверх

Погода в Астане:31 октября, день: +7° 5 м/с31 октября, вечер: +4° 5 м/с01 ноября, ночь: +4° 5 м/с01 ноября, утро: +4° 5 м/с

Оңтүстік Қазақстанда мамандық таңдауға қатысты жастар форумы өтті

1903
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Оңтүстік Қазақстан облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі мен Қаратау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Назарбаев зияткерлік мектебінде «Дұрыс мамандық – жарқын болашақ!» атты еркін форматта жастар форумы өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында өткен форумның мақсаты – жастарды болашақ кәсіптерін дұрыс таңдауға бағыттау.

Форумға Қаратау ауданы әкімі – Ғ.Мәуленқұлов, «Болашақ» бағдарламасы бойынша шет елдерде білім алған белсенді жастар және аудан аумағына қарасты мектептердің белсенді оқушылары қатысты.

Оңтүстік өңірін жандандыру жолында еңбек етіп жүрген азаматтар жастарға еңбек нарығында сұранысы жоғары мамандықтар туралы ақпарат беріп, қатысушы оқушылар ойын мазалап жүрген сұрақтарға жауап алды. Мұндай айтулы шара алдағы уақытта үздіксіз ұйымдастырылып отырмақ. 

Оценить материал
0