Наверх

Погода в Астане:13 июля, вечер: +26° 2 м/с14 июля, ночь: +20° 3 м/с14 июля, утро: +27° 2 м/с14 июля, день: +32° 5 м/с

Биыл Қарағанды облысында арпа мен сұлы егу алқаптары ұлғайтылады

2847
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Бұл туралы  Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Серік Шайдаров мәлімдеді.

- Биылғы жылы әртараптандыру жоспары бойынша біз арпаны 57 мың гектар жерден, ал сұлыны – сегіз гектардан жинауымыз керек, - деді Серік Шайдаров.

Әртараптандыру бағдарламасы шеңберінде биылғы жылы майлы дақылдар егу жоспары бар. Сонымен қатар 898 мың гектар жерге жаздық дақылдар егілмек, ол өткен жылмен салыстырғанда 37 мың гектарға көбірек. Дәнді-дақылдар өнімі 813 мың гектардан жиналатын болады.

Егін егуге дайындық жұмыстары Бұқар Жырау және Осакаров аудандарында жүргізіліп жатыр. Қазірдің өзінде ауыл шаруашылық техникасына қажетті дизельдік отынды жеткізушілер де анықталып қойған. Оны ауыл шаруашылық өнім өндірушілерге бір литрін 146 теңгеден жеткізетін болады.

Дереккөз: Облыс әкімінің ресми сайты

Оценить материал
0