Наверх

Погода в Астане:13 июля, вечер: +26° 2 м/с14 июля, ночь: +20° 3 м/с14 июля, утро: +27° 2 м/с14 июля, день: +32° 5 м/с

Оңтүстік Қазақстанда қырыққабат дақылын егу науқаны басталды

1338
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданында қырыққабат дақылын егу науқаны басталды. Қазірдің өзінде егістік алқаптарда 50-ден астам бригада құрылып, мыңдаған адам  жұмысқа тартылған, деп хабарлады облыс әкімінің ресми сайты. 

"Әбсаттар ата" шаруа қожалығының басшысы Фазылбек Жарқынбековтың айтуынша, жылыжайда 150 мың түп қырықабаттың көшетін дайындап, 30 адамнан құралған бригадамен көшет отырғызуды бастаған. Жұмысшыларға күніне 2000 теңгеден еңбек ақысы төленеді. Негізінен  дақыл 2 айдың көлемінде пісіп, жетіледі.

-  90 күнде жетілетін сортын да егіп, көшеттің үстін жапқышпен жауып, жауын-шашыннан қорғаймыз. Ең бастысы - күтіп-баптауға үлкен мән берілуі керек,  - дейді Ф.Жарқынбеков.

Мақтаралдық диқандар салмағы 1-1,5 келіден аспайтын қырыққабаттың нидерландық пандион сұрпын егуде. Ерте пісетін өнім түріне еуропалықтар мен ресейліктер тарапынан сұраныс жоғары. 

Қырыққабат дақылы ерте пісетіндіктен, мақтаралдық диқандар оның артынан қауын-қарбыз егуге кіріседі. Осылайша жер емген шаруалар 1 жылда екі рет өнім алады. Былтырғы жылы сәуір айында  алғашқы өнімін алған мақтаралдық диқандар республиканың бірнеше облысын және Ресей Федерациясын қырыққабатпен қамтамасыз еткен болатын.

Мақтарал ауданында былтыр 3877 гектарға көкөніс егіліп, орташа 231,3 центнерден  89689 тонна өнім жиналған. Ал, оның 50 мың тоннадан астамы қырыққабат өнімі болатын. 

Оценить материал
0