Наверх

Погода в Астане: 26 сентября, ночь: +11° 4 м/с26 сентября, утро: +12° 4 м/с26 сентября, день: +21° 5 м/с26 сентября, вечер: +15° 4 м/с

Шымкент қаласында 8000 орындық жаңа мешіт салынуда

839
Фото: myftyat.kz.

Жаңа ғибадат орны қаланың "Нұрсат" шағын ауданында орналасқан, деп хабарлайды ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі. Құрылыстың жалпы көлемі 12,0058 га. Ғимараттың көлемі – 25626,0 м2, жабық аймақтың көлемі – 25626,0 м2, бос аймақтың көлемі – 47369,6 м2, ал, паркингтың жалпы жер көлемі 218,8х58,8 м-ға тең. Мешіттің биіктігі 4,8 метр. Жаңа мешіт қаланың орталық әкімшілік аймағында орналасқан.

Құрылысшылардың айтуынша, қала орталығы құбыла бағытына сәйкес келгендіктен жаңа мешіт Шымкент қаласының орталығынан бой көтерген. Сондай-ақ, бұл ғимаратта конгресс-холл, неке қию сарайы, медресе, кітапхана мен асхана, фитнес орталық орналасады деп жоспарланған.

Мешіттің ортасында михраб және жаздық алаң орналасқан, онда мешітке сыймай қалған 2200 жамағат намаз оқу мүмкіндігіне ие болады.

Мешіттің құрылысы мәрмәр таспен тұрғызылған. Сапасы жоғары деңгейде деп бағаланған Алланың үйі жақын күндері қала тұрғындарына қолданысқа беріледі.

Оценить материал
0