Наверх

Погода в Астане: 15 мая, день: +31° 6 м/с15 мая, вечер: +24° 5 м/с16 мая, ночь: +19° 5 м/с16 мая, утро: +24° 5 м/с

Шығыс Қазақстан облысында қазақ халық емшілік орталығы ашылады

1522
Фото: Облыс әкімі баспасөз қызметінен.

Облыс әкімі Даниал Ахметов ауруханаларға заманауи жабдықтар сатып алып, дәрігерлерді жаппай оқыту арқылы әрі бірегей емдеу орталықтарын аша отырып медицина саласын дамытпақ.

Семей қаласында Жедел жәрдем ауруханасы ішінен ортопедиялық, гематологиялық орталық ашылмақ. ШҚО әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында облыста қазақ халық емшілік орталығы ашылмақ.

- Қытайда халық медицинасының жетік дамығандығына куә болдым. Біз өткенді қайтарып, оны ұмытпауымыз қажет. Ата-бабамыздың ғасырлар бойы жинаған білімі мен заманауи жабдықтар үлкен нәтижелерге қол жеткізеді. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында дәстүрлі қазақ медициналық орталығын ашатын боламыз, - деді Даниал Ахметов.

Дереккөз: ustinka.kz.

Оценить материал
0