Наверх

Погода в Астане:30 октября, вечер: +2° 4 м/с31 октября, ночь: -3° 3 м/с31 октября, утро: -4° 4 м/с31 октября, день: +7° 5 м/с

Қарағандылық полиция бөлімі жаңа ғимаратқа көшті

2902
Фото: Karaganda-region.gov.kz.

Қарағанды қаласының Киров полиция бөлімі жаңа ғимаратқа көшті. Тәртіп сақшылары қазіргі заманғы техникамен қамтамасыз етілген, кең кабинеттері бар ғимаратқа ие болды, деп жарияланған облыс әкімінің ресми сайтында.

Полицейлердің жаңартылған ғимараттағы жұмыс барысымен Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов, ҚР ішкі істер вице-министрі Ерлан Тұрғымбаев танысып қайтты.
– Киров полиция бөлімі 1961-ші жылы саманнан салынған ғимаратта орналасқан еді. Ғимарат күрделі жөндеуді қажет етті. Құрылыс туралы мәселе 2014-ші жылы шешімін тапты. Қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылды – 900 млн теңге бөлінді. Құрылыс жұмыстарына үш жыл кетті. Бұл облыстағы ішкі істер органдарына арналған алғашқы типтік, заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген ғимарат, - деді Қарағанды облысы ІІД бастығы Мергенбай Жаппаров.

Оның айтуынша, жаңа ғимартатта жұмыс істеуге жақсы жағдай жасалған. Жаңа ғимараттың ауданы 5 000 шаршы мектрден асады. Әр қызметкердің жеке кабинеті бар. 

Криминалистер мен басқа бөлімшелер заманға сай техникамен жабдықталды.

Ғимаратта демалуға арналған бөлмелер бар кезекшілік бөлім, құжаттарды сақтауға арналған мұрағаттар, акт және мәжіліс залдары, бөлек асхана бар. Қызметтік көліктерге арналған гараж бен қазандық салынған.

Вице-министр Ерлан Тұрғымбаев Қарағандыда 2017-ші жылда облыстағы полиция жұмысы бойынша жедел жиналыс өткізді. Ведомствоның ақпаратына сай аймақта аса қауіпті қылмыстар саны азайған. Тіркелген қарақшылық жайттары 14%-ға, тонау - 18%-ға, бұзақылық - 29,8%-ға, алаяқтық оқиғалары - 3,4%-ға қысқарған.

Оценить материал
0