Наверх

Погода в Астане: 27 марта, день: +5° 6 м/с27 марта, вечер: +5° 6 м/с28 марта, ночь: +4° 7 м/с28 марта, утро: +4° 6 м/с

Қызылордадағы «Славяне» орталығына - 20 жыл

2147
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Қалалық Достық үйінде «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығының мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің ресми сайты.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бірлестік мүшелерін мерекелерімен құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі. 

- Бүгінгі күні Қазақстанда 130-дан астам этнос пен 18-ден астам конфесиялық топ, оның ішінде біздің облыста 30-дан астам түрлі этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығының барлық мүшелеріне адал еңбектері мен таза жүректері үшін алғыс білдіргім келеді, - деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ, облыс әкімі орталықтың бірқатар қызметкерлері мен белсенді мүшелерін Алғыс хатпен марапаттады. 

Қазақстан Республикасындағы ресейлік отандастардың үйлестіру кеңесінің төрағасы Всеволод Лукашов «Славяне» орталығына жылы лебізін жеткізіп, бірлестік мүшелеріне Ресей Федерацяисының Алматы қаласындағы Бас консулының құттықтау хатын табыстады.

Сонымен қатар, «славяндарды» ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Жұмаділдаева мен Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі Александр Мусиенко құттықтады.

Кеш соңында мерекелік концерт ұйымдастырылып, «Славяне» орталығының «Сударушки» және «Надежда» вокалды топтары, «Наз» және «Жемчужинка» би ұжымдары, сондай-ақ, Қазақстанның өзге қалаларынан әріптестері мен достары – ақтөбелік «Купава» фолк-модерн тобы және шымкенттік «Светоч» тобы өнер көрсетті.

Іс-шара аясында Достық үйінде орыс халқының қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды.

Оценить материал
0