Наверх

Погода в Астане:31 октября, ночь: -3° 3 м/с31 октября, утро: -4° 4 м/с31 октября, день: +7° 5 м/с31 октября, вечер: +4° 5 м/с

Биыл Қарағанды облысында 95 млн теңге жастар жобаларына жұмсалады

1501
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

95 миллион 362 мың теңге биылғы жылы Қарағанды облысында жастар жобаларына жұмсалады. Ол жайлы жастар саясаты мәселелері бойынша басқарма басшысы Мирас Құттыбай мәлімдеді.Өткен жылы облыста жастарға арналған 29 түрлі жобалар жүзеге асырылған. Бұл туралы облыс әкімінің ресми сайтында жарияланды.

Оның айтуынша, түрлі фестивальдер мен байқаулар, флеш-мобтар өткізуден гөрі, жұмыссыз жүрген жастарға бағытты көмек көрсетуге басымдылық беру қажет. Жұмыссыздық деңгейі соңғы жылда өзгерген жоқ, бес пайыз болып тұр,оны азайтуға тиіспіз,дейді Мирас Құттыбай.Түсіндіру жұмыстарына ерекше назар аударылмақ.

Жастар кез келген уақытта қай кезде және қай жерден жұмыс табуға немесе қайта оқудан өтуге болатыны туралы ақпаратқа қол жеткізе алуы үшін облыста арнайы жоба – электронды журнал іске қосылады. Ол жұмыс іздегендер қайда бару керектігі, аймақта жүзеге асырылып жатқан жастар бағдарламалары, қайта оқудан өту бойынша бағдарламалар мен бос жұмыс орындары, сондай-ақ өз бизнесіңді ашуға грант алу тәсілдері туралы ақпараты бар мобильді қосымша ретінде болады.

Барлығы Қарағанды облысында 15-тен 28-ге дейінгі жас аралығында 304 269 жастар тұрады. Олардың ішінде 135,2 мыңы ресми түрде жұмыс істейді немесе оқиды.

Оценить материал
0