Наверх

Погода в Астане: 06 марта, ночь: -2° 9 м/с06 марта, утро: -4° 6 м/с06 марта, день: -5° 6 м/с06 марта, вечер: -9° 4 м/с

ОҚО-да биыл 67 медициналық тірек құрылысы жүргізіледі

1701
Фото: Otyrar.kz.

Оңтүстік Қазақстан облысында биылғы жылы 67 медициналық тіректің құрылысы жүргізілетін болады, деп жарияланған облыс әкімдігінің сайтында. Егер аталған жоба  іске асса, облыстағы медициналық тіректердің қажеттілігі толық қамтамасыз етілмек. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың айтуынша, былтырғы жылы өңірде 33 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізілген. 

2018 жылы тағы да 9  медициналық, оның ішінде 6 емхана мен 1 ауылдық емхана және 2 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жоспарланған.  Бұдан бөлек, биыл  мемлекеттік – жекешелік әріптестік аясында Шымкент қаласында 3 емхана құрылысы бастау алмақ. 

 Облыс басшысы Ж.Түймебаев бюджеттің атқарылуына баса назар аударып, жекешелендірудің кешенді жоспарын белгіленген мерзімде өткізуді, республикалық қаржылардың қысқаруына жол бермеуді және денсаулық сақтау жөніндегі перспективалық жоспарды «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасымен үйлестіре отырып іске асыруды тапсырды.

Оценить материал
0