Наверх

Погода в Астане: 22 апреля, вечер: +4° 5 м/с23 апреля, ночь: +1° 6 м/с23 апреля, утро: +4° 6 м/с23 апреля, день: +11° 6 м/с

Жерлестерінің жағдайымен танысты

992
Фото: Министрліктің сайтынан.

«Ертіс» телеарнасының «Біздің Павлодарлық жерлестеріміз қалай қызмет өткеруде» әскери-патриоттық акциясы аясында  Павлодар облысының ҚІД  «Шығыс» ӨңҚ бірлесе Семей қаласында мерзімді әскери қызметін өтеп жатқан жерлестерімен Павлодар облысы БАҚ өкілдерінің кездесуі ұйымдастырылды, деп жарияланған ҚР Қорғаныс министрлігінің сайтында.

Баспасөз туры барысында Павлодар облысынан шақырылған сарбаздардың БАҚ өкілдерімен кездесуі өткізілді. Журналистер қауымы үшін әскери бөлімді аралау бойынша таныстырылым экскурсиясы өткізілді.

Бұл экскурсия барысында олар өз көздерімен жерлестерінің әскери борышты өткеру жағдайларымен танысты. Қонақтарға мұражай жәдігерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы артиллериялық қару-жарақ, әскреи бөлімнің тізіміне мәңгілікке енгізілген Кеңес Одағының батыры Махмет Қайырбаевтың бұрышы көрсетілді.

Шараға «Шығыс» ӨңҚ басшылығы, Павлодар облысының ҚІД өкілдері, Қарулы Күштердің ардагерлеріғ қоғам қайраткерлері мен Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының БАҚ өкілдері қатысты. Іс-шара қорытындысы бойынша екі өңірдің БАҚ өкілдері арасында ҚР Қарулы Күштерінің тыныс-тіршілігін жариялау жөнінде ақпараттық-имидждік жұмысты ұйымдастыру мәселелерінде әрі қарайғы ынтымақтастық, сондай-ақ ұдайы негізде «Шығыс» ӨңҚ әскери бөлімдеріне баспасөз турларын ұйымдастыру туралы меморандум жасалды.

Сондай-ақ өткізіліп жатқан «Сарбазға хат жаз»  патриоттық акциясы шеңберінде Павлодар облысының журналистері жерлестеріне мерзімді қызметтегі сарбаздардың білім алған Павлодар қаласының жалпы білім беру  мекемелерінен Жаңа жылдық хаттар мен құттықтауларды беріп жіберді.

Оценить материал
0