Наверх

Погода в Астане: 22 апреля, вечер: +4° 5 м/с23 апреля, ночь: +1° 6 м/с23 апреля, утро: +4° 6 м/с23 апреля, день: +11° 6 м/с

ОҚО-да 87 елді мекеннің электр жүйелері жаңғыртылды

1129
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Облыс бойынша жалпы 844 елді мекеннің 828-і  орталықтандырылған электр желісімен қамтылған, деп жарияланған облыс әкімдігінің сайтында.

Онда 2 млн 780 мың халық тұрады. 16 елді мекен яғни, шалғайдағы малшы ауылдар дербес электр қондырғыларымен қамтамасыз етілген. 

Биыл облыс халқын, экономикасы мен орта және шағын бизнестің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған 14 ірі қосалқы станциялардың құрылысы  қолға алынған болатын. Олардың төртеуі  220 киловольттық болса, 10-ы 110 киловольттық қосалқы станция саналады. 

Облыс бойынша 87 елді мекендегі 47 нысанның құрылысы аяқталып, ел игілігіне тапсырылды. Нәтижесінде 87 мың 100 тұрғын мен әлеуметтік, шағын бизнес нысандары тұрақты, сапалы электр энергияға қол жеткізді.

Құны 22 млрд. теңгені құрайтын Шымкент қаласындағы 220 киловольттық "Бозарық", 110 киловольттық "Астана 1" және "Астана 2" және Сарыағаш ауданында 220 киловольттық "Қызыләскер" қосалқы станцияларының құрылысы жүргізілуде.

Аталған жобалар толық іске асқаннан кейін 1 млн. 200 мың халық, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық нысандары тұрақты және сапалы электр энергиямен қамтылады. 

2018 жылы  жалпы құны  14 млрд. теңгені құрайтын 110 киловольттық "Алатау ", "Ақжар " және "1М1" қосалқы станциялардың құрылысын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында іске асыру жоспарлануда.

Оценить материал
0