Наверх

Погода в Астане:31 октября, ночь: -3° 3 м/с31 октября, утро: -4° 4 м/с31 октября, день: +7° 5 м/с31 октября, вечер: +4° 5 м/с

Астанада № 14, 48, 52 автобус бағдарының қозғалысы уақытша өзгереді

1863
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Осы жылдың 14 наурызынан 1 мамырына дейін Ы. Дүкенұлы көшесінде Ш.Айманов көшесінен Ы. Дүкенұлы көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысының тоқтатылуына байланысты, бірқатар автобус бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертіледі, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

№ 14, 48 автобус бағдарларының қозғалысы Ы.Дүкенұлы көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына уақытша көшіріледі.

№ 52 автобус бағдарының қозғалысы Бөгенбай батыр даңғылына дейін өзгеріссіз, әрі қарай солға Бөгенбай батыр даңғылына, оңға Ш.Айманов көшесіне, әрі оңға Ы.Дүкенұлы көшесіне, солға Ш.Уәлиханов көшесіне, ары қарай қолданыстағы қозғалыс сызбасы бойынша жүреді.

Оценить материал
0