Наверх

Погода в Астане:31 октября, день: +7° 5 м/с31 октября, вечер: +4° 5 м/с01 ноября, ночь: +4° 5 м/с01 ноября, утро: +4° 5 м/с

Астанада екі қоғамдық көлік бағдары өзгереді

1550
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Ақпан айында Астанада № 100 экспресс, № 11 бағдарлардың қозғалыс бағыты өзгеретін болады деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

3 ақпаннан бастап «Пригородный» ТА тұрғындарына қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында № 100 экспресс бағдардың қозғалыс сызбасы өзгертілетін болады.

«Әуежай» бастапқы аялдамасынан шыққан автобус Қабанбай батыр даңғылы мен Арнасай көшесінің қиылысына дейін өзгеріссіз қозғалады. Бұдан кейін солға бұрылып, Арнасай көшесімен қозғалған қоғамдық көлік оңға Жаңа Әуежай көшесіне, содан соң солға бұрылып,  Қабанбай батыр даңғылына өтеді. Одан әрі автобус қалыптағы қозғалыс сызбасына сәйкес жүретін болады.

Ал 7 ақпаннан «Кирпичный» ТА тұрғындарын сапалы қызметпен қамту мақсатында № 11 бағдардың қозғалыс сызбасы ұзартылмақ.

Қоғамдық көліктің қозғалыс сызбасы «Кирпичный» тұрғын үй алабының тұрғындарын «Шарын» базары және «Астана – Нұрлы жол» теміржол вокзалы аудандарымен байланыстыру мақсатында ұзартылатын болады.

«Автобус төмендегі бағыт бойынша жүретін болады:  Астана «Нұрлы жол» теміржол вокзалы бастапқы нүктесінен «Шарын» базарына дейін өзгеріссіз, әрі қарай Алаш тас жолымен тура- оңға Жолымбет көшесіне- солға Чехоева көшесіне - оңға Арқарлы көшесіне- солға Ойыл көшесіне- соңғы аялдама «Кирпичный» ТА», - делінген хабарламада.

Кері бағытта автобустар ұқсас қозғалыс сызбасы бойынша жүретін болады. 

Оценить материал
0