Наверх

Погода в Астане:30 октября, день: +5° 4 м/с30 октября, вечер: +1° 3 м/с31 октября, ночь: -4° 3 м/с31 октября, утро: -4° 4 м/с

Биыл « Есіл» ауданында 65 жаңа аялдама орнатылады

1524
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

"Есіл" ауданының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен кездесу барысында аудан халқы қоғамдық көлік пен аялдамалардың жетіспеушілігін айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Триумфалды қақпа жақта тұратын бір тұрғын әйел жаңа аялдама орнатып, мектеп оқушыларының оқу орнына және спорт кешендеріне алаңсыз қатынауын шешіп беруін өтінді. 

Ермағанбет Бөлекпаев бұл мәселенің өзекті екенін алға тарта келе, осы жылы  65 аялдама кешенін орнатуды жоспарлап отырғандарын хабарлады. 

Әкімнің мәліметінше, өткен жылы 84 жаңа автобус пайдалануға босатылған, алдағы уақытта тағы да 170 қоғамдық көлік босату жоспарлануда. Тұрғындардың бірнеше мәрте шағымдануына байланысты № 47, 54, 100, 107, 301 жаңа маршруттар қосылды. № 12 бағдардың жүрісіне өзгерістер енгізілді. «Есіл» ауданында 270 аялдама бар, қосымша 65 орнатылмақ. 

Оценить материал
0