Наверх

Погода в Астане:30 октября, день: +5° 4 м/с30 октября, вечер: +1° 3 м/с31 октября, ночь: -4° 3 м/с31 октября, утро: -4° 4 м/с

Биыл мыңнан аса астаналық арнайы такси қызметін пайдаланған

1267
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Астана қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметі бойынша, бүгінде Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсететін 21 арнайы такси бар. Оның жетеуі қоларбаға байланған жандарға, сегізі кембағал балаларға, алтауы көз жанарынан айрылған жандарға қызмет көрсетеді,деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Алдағы жылы «ДОС» тәуелсіз өмір орталығы» ҚБ-нің жобасы бойынша арнайы такси қызметіне тағы бір көлік қосылмақ. 

Бүгінде арнайы такси қызметі 1009 адамға, оның ішінде 334 мүмкіндігі шектеулі балаға қызмет көрсеткен.

Басқарма мәліметі бойынша, бүгінгі таңда қалаішілік бағыттар бойынша 1158 автобус қызмет көрсетеді, оның ішінде коляскада жүретін мүмкіндігі шектеулі жандардың мініп-түсуіне ыңғайлы болу үшін 700-ден астам автобус жиналмалы құрылғымен (трап) жабдықталған.

Оценить материал
0