Наверх

Погода в Астане: 25 мая, вечер: +23° 5 м/с26 мая, ночь: +18° 5 м/с26 мая, утро: +23° 7 м/с26 мая, день: +30° 9 м/с

Астанада жасөспірімдер арасындағы қылмыс азайған

1350
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Астана қаласының прокуратурасында «Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алуды жетілдіру» әлеуметтік жобасының алғашқы кезеңінің қорытындылары шығарылды. Бұл туралы елорда медиа орталығы хабарлады.

Бұл жоба қала прокуратурасы Астана әкімдігімен, ІІД-мен, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы құқық қорғау органдарының академиясымен бірлесіп ағымдағы жылдың тамыз айынан жүзеге асырылған. Ол жасөспірімдер арасындағы қылмыстылықтың теріс үрдісін тоқтатуға, өскелең ұрпақтың толымды дамуына, олардың тұлға болып қалыптасуына ықпал етуге бағытталған.

Астана қаласы прокурорының аға көмекшісі Дана Мұлақованың мәліметінше, 2016 жылдың 11 айының қорытындыларына сәйкес, ювеналды полицияның есебінде 287 кәмелетке толмаған азамат тұрса, биыл бұл көрсеткіш 213-ке дейін азайған. Биылғы жылы кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысты 100 оқиғасы тіркелді. Былтыр олардың саны 157 болатын, яғни қылмыстар саны 36%-ға азайған», - деді қала прокурорының аға көмекшісі.

Оценить материал
0