Наверх

Погода в Астане:29 мая, ночь: +19° 4 м/с29 мая, утро: +21° 4 м/с29 мая, день: +23° 5 м/с29 мая, вечер: +20° 4 м/с

Министр Тамара Дүйсенова жұмыс сапарымен Қарағанды облысында болды

615
Фото: Министрліктің сайтынан.

Жұмыс сапарын ведомство басшысы Осакаровка аудан орталығынан бастады.

Алдымен министр Осакаровка ауданындағы жұмыспен қамту орталығының жұмысымен танысты және жаңа форматтағы Атаулы әлеуметтік көмектің жүргізілуіндегі дайындық деңгейіне баға беріп, материалдық-техникалық жабдықталуына және орталық кеңесшілері мен көмекшілерінің кәсіби дайындығына баса назар аударды,деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен.   

Қарағанды облысы бойынша алғашқылардың бірі болып, Осакаровка ауданында 2015-жылдың шілдесінде «Өрлеу» пилотты жобасы қолға алынған болатын. Жоба жүзеге асырыла бастаған екі жылда 50-ден астам отбасы немесе 270-ке жуық адам тартылды. Жалпы сомасы 8 млн. теңгеден астам  мөлшерде шартты ақшалай көмек  көрсетілді.

Бұл шаралар әлеуметтік аз қамтылған азаматтардың жан басына шаққандағы табыс мөлшерін екі есеге (6 358,0 теңгеден 12 572,0 теңгеге дейін) көбейтуге мүмкіндік берді  2017-жылы «Өрлеу» жобасын жүзеге асыру үшін 13 млн. теңге шамасында қаражат қарастырылған, оның 2,5 млн.теңгесі –  аудан  бюджетінен, қалғаны - республикалық бюджеттен бөлінді.

Аудан орталығына сапар қорытындысы бойынша, министр ауылдық округ әкімдерімен, аудандық жұмыспен қамту орталықтары басшылары және қызметкерлерімен кездесті. Кездесуде негізінен АӘК (атаулы әлеуметтік көмек) пен зейнетақы жүйесінде болатын өзгерістер талқылады.

Бүгінгі таңда басты міндет ретінде Тамара Дүйсенова жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді, сондай-ақ халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жүргізу маңыздылығын атап өтті.

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов: «Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек біздің аймақ үшін таңсық емес. "Өрлеу" пилотты жобасы екі жылдан астам уақыттан бері Қарағанды облысында жүргізіліп келеді. Біз іс жүзінде жобаның барлық қыр-сырына қанықтық және ол өзін ақтай алады деп айтуға болады. "Өрлеу" жобасына 2,5 жыл ішінде шамамен 2,5 мың адам қатысты. Олардың біразы, қайта оқытудан өтіп, жұмысқа орналастырылды немесе жеке ісін ашты. Олар бұрын кедейлік дегейінен төменгі адамдар қатарында болатын» - деді өз кезегінде.  

«Келесі жылдан бастап базалық зейнетақы - зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына қарай тағайындалады. Яғни, 1998 жылдан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі жарна төлеу кезеңі ғана емес, сонымен бірге 1998 жылға дейінгі мерзім де ескеріледі», - деді Тамара Дүйсенова.  

Министрдің пікірінше, мұндай көзқарас 30-40 жыл еңбек өтілі бар төмен зейнетақы алып отырған зейнеткерлер үшін әділетті болады. 33 жылдан астам тәжірибесі бар адамдар үшін, 1998 жылға дейін және 1998 жылдан кейін, базалық зейнетақының мөлшері қазіргі кездегімен салыстырғанда екі есеге өседі. Егер бүгінгі таңда ол 14 мың теңге болса, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнеткерлердің бұл тобы 28 мың теңге алады.

Әлеуметтік қорғау саласындағы реформаларды жүзеге асыруда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ел өңірлерінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Соның ішінде Осакаровка министрдің жұмыс сапармен барған алғашқы ауданы болды. 

 

Оценить материал
0