Наверх

Погода в Астане: 28 июля, ночь: +15° 4 м/с28 июля, утро: +18° 5 м/с28 июля, день: +18° 5 м/с28 июля, вечер: +16° 4 м/с

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Whats App мессенджерін іске қосты

1804
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Ведомства мамандары Whats App мессенджері арқылы халықпен өзара тығыз қарым-қатынас орнатып, әрі әлеуметтік-еңбек саласындағы мәселелер бойынша жедел ақпарат алмаса алады. Whats App мессенджерінің номері; +7 700 101 1414. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің баспасөз хатшысы Нұрлыбек Жеңісбек хабарлады.

«Еліміздің азаматтары өздерін толғандырып жүрген зейнетақы, түрлі жәрдемақы, мүгедектікті тағайындау, көпбалалы отбасын қолдау, көші-қон және еңбек қатынастары жайында сауалдарға тікелей жауап алатын болады», -деп атап өтті баспасөз хатшысы.  

- Егер аталған бастамаға ұсыныстарыңыз, сұрақтарыңыз бен толықтыруларыңыз болса, біз бігіріп талқылауға және кеңінен сұхбаттасуға әзірміз. Азаматтар өздерінің сұрақтарын Whats App мессенджеріндегі  +7 700 101 1414 нөмеріне жолдауына болады, - деп атап өтті Нұрлыбек Жеңісбек. 

Оценить материал
0