Наверх

Погода в Астане: 08 апреля, ночь: -3° 12 м/с08 апреля, утро: -3° 10 м/с08 апреля, день: +3° 10 м/с08 апреля, вечер: -3° 5 м/с

Былтыр Астанада 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған

727
Фото: 24.kz.

Астанада жұмыссыздық деңгейі өткен жылдың төртінші тоқсанында 4,6% болды. Аталмыш көрсеткіш республикалық деңгейден 0,3 % төмен, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты. 

Астаналық жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы хабарлағандай, елорда еңбек нарығындағы ахуалды тұрақтандыру мақсатында 2017 жылы Астана халқын жұмыспен қамтудың кешенді жоспары жүзеге асырылды.

Былтыр 2017 жылы 19 257 жаңа жұмыс орны құрылды, оның мемлекеттік, үкіметтік  бағдарламасы саласына - 8841, кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласында - 10 416 орын. Азаматтарды көбірек қамту үшін  8 халыққа қызмет көрсету орталығы бар. Ол жерде жұмысқа орналасу бойынша кеңес алуға болады. 

"Астаналық жұмыс іздеуші және жұмыс берушілерге ыңғайлы болу үшін "CZ Astana" мобильді қосымша жасап шығарылды. Бүгінде оны қолданушылар саны 22 605 адамға жетті. Қосымшада бос жұмыс орны, кәсіби бағытты анықтайтын тест, жұмыс іздеуші мен жұмыс берушілерге арналған ақпарат бар", - делінген хабарламада. 

Бұдан басқа, халық арасында Facebook, twitter, instagram және Вконтакте әлеуметтік желісі арқылы да  жұмыс жолға қойылған. Халықпен белсенді жұмыс жасайтын мобильді топ құрылған. Ол топ тұрақты түрде адам көп жиылатын сауда үйі, базарлар мен қаладан алыс тұрғын алаптарына шығып тұрады.

Сондай-ақ еңбекке орналастыру мүмкіндігін кеңейту мақсатында жиі бос жұмыс орны жәрмеңкесі өткізіліп тұрады. 

Оценить материал
0