«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автомагистралі арқылы 4,5 млрд теңге инвестиция
1166

Фото: Әкімдіктің сайтынан.
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистралі биыл Қызылорда облысына 4,5 млрд теңге инвестиция тартты, деп жарияланған әкімдіктің сайтында.
Қазір күре жолдан тәулігіне 9 мың автокөлік өтіп жатыр. Магистралдің облыс аумағынан өтетін бөлігі бойында 19 жол бойы кешендері қызмет көрсетеді. Жақын арада олардың қатары еселеп өседі деген болжам бар.
- Біздің кешеннің ашылғанына 1 айдан асты. Қазір бізге күніне 50-60 адам келеді, – дейді кәсіпкер Әли Рагибов.
Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының бөлім басшысы Әнуарбек Дәрмағанбетовтің айтуынша жыл бойына жол бойындағы кешендерге 608 адам жұмысқа орналасқан. Жаз-күз мезгілінде көкөніс, бау-бақша өнімдерін сататындар бұлардың қатарын көбейте түседі.
Оценить материал