Наверх

Погода в Астане:28 сентября, ночь: +9° 3 м/с28 сентября, утро: +9° 3 м/с28 сентября, день: +17° 5 м/с28 сентября, вечер: +13° 3 м/с

Еліміздің өңірлеріне Мәскеу мен Новосибирсктен тікелей әуе рейстері ашылады

1325
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

2018 жылдың 29 сәуірінен бастап ресейлік тасымалдаушы – «Сибирь» әуе компаниясы ұшу жиілігі аптасына екі рет болатын Мәскеу – Тараз және биылғы 1 маусымнан бастап аптасына екі рет орындалатын Мәскеу – Көкшетау бағыттарындағы жаңа тұрақты әуе рейстерін ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.  

Рейстер  Аэробус 319/320 типіндегі әуе кемесімен орындалады. Сонымен қатар, 2018 жылдың 30 мамырынан бастап аталған әуе компаниясы Новосибирск – Павлодар жаңа бағытындағы тұрақты рейстерді ашуды жоспарлаған. Бұл рейстер де аптасына екі рет жоғарыда аталған Аэробус 319/320 типіндегі әуе кемесімен орындалады.

Оценить материал
0