Наверх

Погода в Астане:25 января, ночь: -25° 6 м/с25 января, утро: -18° 4 м/с25 января, день: -13° 2 м/с25 января, вечер: -20° 3 м/с

51 КӘСІПОРЫН ЖАЛАҚЫНЫ УАҚЫТЫЛЫ ТӨЛЕМЕГЕН

1162
Фото: ашық дереккөздерінен

«Жыл басынан бері Ақмола облыстық еңбек инспекциясы басқармасы жеке және заңды тұлғалардан келген 1200-ге тарта өтінішті қараған. 449 кәсіпорынға тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде 430 заң бұзушылық анықталған. Бұл мәселе облыс әкімдігінде өткен аппарат мәжілісінде белгілі болды»,– деп хабарлайды өңірдегі тілшіміз.  Олқылықтардың басым бөлігі еңбек қатынастары мен қауіпсіздік бағытында орын алып отыр. Оларды жою үшін ұйымдарға ұйғарымдар жіберілді. Сонымен қатар, жұмысшылардың алдындағы 139 миллион теңге көлеміндегі берешек сома қайтарылды.

ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ  БЕРІК МҰСТАФИН:  «Жыл сайын еңбекті қорғау саласындағы өтініштер мен шағымдардың саны артып отыр. Ағымдағы жылдың басынан бері облыстық еңбек инспекциясына 1275 өтініш келіп түсті. Оның ішінде жалақыны уақытылы ала алмауға байланысты шағымдар бар. Өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 330 шағымға көп. Әр инспектор айына 89 шағымды қарайды. Заң бұзушылықтарға жол берген кәсіпорындардың барлығына тексеріс жүргізіледі»,– дейді.

  Жиын соңында облыс әкімі еңбекті қорғау, қауіпсіздік және өндірістегі қайғылы жағдайларға жол бермеу жұмыстарын күшейтіп, жұмысшыларға жалақыны уақытылы төлеуді қатаң бақылауға алу керектігін тапсырды.

 

 

Оценить материал
0