Наверх

Погода в Астане: 10 декабря, ночь: -22° 3 м/с10 декабря, утро: -24° 3 м/с10 декабря, день: -19° 3 м/с10 декабря, вечер: -23° 3 м/с

Рухани жаңғыру – адам баласының ішкі әлемінің жаңаруы, сана сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі

793
Фото: Иллюстративный снимок.

Елбасының биылғы халыққа Жолдауы 4-ші өндірістік революция жағдайында елді дамыту мәселесіне бағытталған, - дейді  Халықаралық «Жанашыр» қорының президенті Жаңыл Әпетова.

- «Адамзат өндірістік революция кезеңіне қадам басты. Жаңа технологиялар әлемді күнде өзгертіп жатыр. Қазақстан осы мүмкіндікті пайдаланып, дамыған 30 елдің қатарына кіру үрдісін тездетуі тиіс», - деді Мемлекет басшысы өз мәлімдемесінде. Жолдауда Президент жүзеге асыруы тиіс 10 негізгі бағытты айқындап берді.

Оның ішінде ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керектігін, «Рухани жаңғырудың» мән-маңызы да нақ осында екенін атап өтті. Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі.

Расында, әлемдік аренада экономикасымен, саясатымен алдыңғы орынға ұмтылып отырған елдің мәдениеті мен руханиятының да жоғары деңгейде екенін танытуымыз керек. Яғни, рухани жаңғыруда өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы рухани жаңғыру дәлел. Көне замандағы көрікті қалаларымыз, сән салтанаты таласқан озық ескерткіштеріміз, мәдени мұраларымыз бұртартпас айғақ болып табылады.

Біздің бүгініміз ежелден келе жатқан қазақи салт-дәстүрлерімізден, мәдениетімізден, барлық рухани құндылықтарымыздан бастау алады десек, мына өзгермелі дүниеде сол құндылықтарымызды заманға сай одан әрі байытып, дамытып, оны бүгінгі ұрпақтың санасы мен тұрмысына сіңіру арқылы ғана жаңа ғасырдың жаңа ұрпағын қалыптастыра аламыз.

Ол үшін аға ұрпақ, зиялы қауым, азаматтық қоғам өкілдері Елбасы айтқан рухани жаңғыру тақырыбын науқандық шаралармен шектемей, үнемі үздіксіз жұмыс істеуіміз керек. Мектептер, колледждер мен жоғары оқу орындарындағы жастар арасына жиі барып, ұлтымыз бойындағы тек жақсы қасиеттерді дамытып, озық білім мен үздік жаңалықтарды дарытуымыз керек.

«Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс» -деді Елбасы Жолдауында.Тек жоғары білімді және рухани бай халық қана сыртқы әсерлерді дұрыс қабылдап, оған жауап бере алады.

ҰлыАбай «Дүниенің көрінген сырын да, көрінбеген сырын да қатар игерген адам толық адам болады» дейді. Бүгінгі өскелең ұрпақ ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елдің ұландары екенін ескере отырып, сол  мәдениеті келешекке алып барушы, дамытушы, әлемге танытушы екендерін сезінулері тиіс.

Біздің алдымызда дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсаты тұрғанын ескерсек,ол үшін бәрімізге бірлік, білім мен еңбек қажет.

Оценить материал
0